Атмосфераға улы бөлшектер мен газдардың шығуын болдырмау мақсатында мұнай өнімдерін күйдіруді аяқтау үшін оттыққа ауа беру арқылы өндірістік компрессорлармен жұмыс жасау. Бу генераторымен жұмыс жасау, атап айтқанда бөлу үшін мұнай өнімдерінің температурасын ұстап тұру мақсатында жылу алмастырғышқа бу беру. Қыс мезгілінде жалғастық манифольдты, қауіпсіздік клапандарын, қақпалы клапандарды, жібітуге үшін бу беру
Ұңғыманың сыртындағы оқшаулау құралының деформациясын болдырмау сонымен қатар суық мезгілде ұңғымаға одан әрі айдау үшін дұрыс араластыруды қамтамасыз ету, желіні қысыммен сынау үшін технологиялық сұйықтықтарды жылыту (мұнай, өндірістік су, дизель, қышқыл, тұзды ерітінді және т.б.). Қыста клапандарды, құбырларды жібіту үшін бу беру.
Одан әрі пайдалану мақсатында мұнай құбырлары мен резервуарларын мұнай жиналулары мен парафиндеуден химиялық тазарту. Химиялық тазарту химиялық реагенттер есебінен, сонымен қатар бу генераторы арқылы бумен пісіру және компрессормен үрлеу негізінде жүргізіледі.
Жабдықтар мен бөлшектерді жалға беру. 1600-2200 CFM өнімділігімен өнеркәсіп компрессорларды, 1120- 2000 кг/сағ өнімділігімен өнеркәсіп бу генераторларын, Камаз үстінде орнатылған жылжымалы бу құрылғыны, (графит, пластинкалы, құбыртысты) жылу алмасу жабдықтарын, ортадан тепкіштік және жарғақтық сорғыларды, 1,2,3,4 дюймді бу және әуе шлангілерді жалға беру.
Жабдықтың қосалқы бөлшектерін жеткізу, компрессорлар мен бу генераторлардың қосалқы бөлшектерін жеткізіп беру.
Жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету
Құмды үрлеу және коррозияға қарсы өңдеу